Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУҒА КҮШ САЛУ КЕРЕК» 

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру — бәсекелестіктің басты шарттарының бірі. Келес ауданының шаруаларымен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, әртараптандырудың осы салаға тұрақтылық әкеліп қана қоймай, жердің құнарлылығын да арттыратынын алға тартты. Агроқұрылымдар мен ғалымдардың басын қосып, тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен өңір әкімдеріне ауылдарды дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, елді мекендерді дамыту жолдарын саралады.

– Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, дамыған мемлекеттерден қалып қоймас үшін бәсекеге қабілетті әлемдік талаптарға сай өнім өндіруге ұмтылған жөн. Егілетін өнім сұранысқа сай болу керек. Бұл – бизнес. Сондықтан сатуды ойлау керек. Жаппай қырыққабат не қияр егіп, өткізе алмай қалудан қыруар еңбек пен қаражат зая кетуі мүмкін. Сондықтан бұл бағытты жүйеге қойып, алдын ала жоспарлау қажет, егістікті әртараптандыру өте маңызды, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы іссапар барысында Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжай жұмысымен танысты. Саланы жетік меңгерген қожалықтың егесі сапалы өнім алудың қыр-сырымен бөлісуге дайын.

8 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешенінде 40-қа жуық азамат еңбектенуде. Көкөністің қырыққабат, қызанақ, қияр құлпынай және бұрыштың сан түрлі сорттары өсіріледі. Сонымен қатар көкөністерді тұқым күйінде егіп, шаруаларға дайын көшет күйінде саудалауда.

Дархан Сатыбалды биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несиелер берілетінін, бұл бағытта Түркістан облысына 11 млрд. теңге қаралғанын атап өтті. Сондықтан ол несие нақты жоспары бар, іскер азаматтарға берілуі тиіс екенін жеткізді. Аудан, ауыл әкімдері жаңа жұмыс орындарын көбейтетін және өнім шығаратын жобаларды іріктеп, қолдау көрсетуі керектігін айтты. Бұл ретте жылыжайлар санын арттыруға да басымдық берілмек.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді тиімді жобаларға бағыттау барысын талқылап, аудан басшысына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Облыс басшысы Келес ауданына жасаған сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіндегі «Қызыләскер» қосалқы станциясының жұмысымен танысты. Қосалқы станциядан облыстағы 5 аудан электр қуатын алады деп жоспарланған. Жоба бойынша 4 дана қуатты автотрансформатор орнатылып, 72,2 шақырымға жоғары кернеулі ВЛ-220 кВ электр желісі тартылуда. Аталған жұмыстардың дені бүгінгі таңда аяқталып, жоба іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «НУЖНО ПРИЛОЖИТЬ УСИЛИЯ ДЛЯ ДИВЕРСИФИКАЦИИ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА»

Диверсификация сельского хозяйства — одно из главных условий конкуренции. На встрече с крестьянами Келесского района аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды подчеркнул, что усиленная работа в этом направлении не только обеспечит стабильность в этой сфере, но и повысит плодородие земель. Он отметил важность привлечения к проблемам аграрного сектора представителей агроформирований и ученых и необходимость обмена опытом.

Президент страны Касым-Жомарт Токаев дал конкретные поручения Правительству и акимам регионов по развитию сел и повышению благосостояния населения. В этой связи аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды с рабочим визитом посетил Келесский район и обсудил со специалистами пути развития населенных пунктов.

— Учитывая природно-климатические условия, возможности области, необходимо стремиться к производству продукции, отвечающей конкурентоспособным мировым требованиям, чтобы не отставать от развитых государств. Посевной продукт должен соответствовать спросу. Это бизнес. Надо думать о продажах. Бывало, что на урожай капусты или огурцов, их сбор уходило много труда и средств, а релизовать не могли. Поэтому нужно выработать систему и планировать заранее, диверсификация очень важна, — сказал Дархан Сатыбалды.

В ходе визита глава региона ознакомился с работой теплицы крестьянского хозяйства «Нуржан», расположенного на территории Биртилекского сельского округа. Владелец хозяйства готов делиться тонкостями получения качественной продукции.

В тепличном комплексе, расположенном на восьми гектарах, трудятся около 40 граждан. Они выращивают капусту, помидоры, огурцы, клубнику, различные сорта перца. Кроме того, хозяйство реализует семена овощей для рассады.

Дархан Сатыбалды отметил, что в этом году будут выданы льготные кредиты в сфере сельского хозяйства. В этом направлении региону будет выделено 11 млрд тенге. Аким подчеркнул, что кредиты должны выдаваться деловым гражданам с четким планом. Акимы районов и сел должны отобрать и поддержать проекты по увеличению новых рабочих мест и выпуску продукции. При этом приоритет будет отдан и увеличению количества теплиц.

Также на встрече обсудили вопросы развития предпринимательства, создания производств, государственных льгот предпринимателям на эффективные проекты. Главе района поручено усилить работу в этом направлении.

В ходе визита в Келесский район аким области ознакомился с работой новой подстанции «Кызыласкер» в Актюбинском сельском округе. От подстанции электроэнергию будут получать пять районов области. По проекту здесь установлены четыре мощных автотрансформатора, на 72,2 км проложена электрическая сеть высокого напряжения ВЛ-220 кВ. Большая часть строительных работ завершена, ведется подготовка к запуску проекта.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ОҢТҮСТІК АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫ, МҰНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

Алдыңғы

СЕНАТ САЙЛАУЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *