ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 27 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Өткен тәулікте Түркістан облысында қар құрсауынан 27 адам құтқарылды. «112» қызметіне Төлеби ауданының Көксәйек ауылынан 7 шақырым жерде жолаушылары 7 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖ орнына келген құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 14 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, Көксәйек ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Сол күні құтқарушылар Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 км жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында 13 адам, оның ішінде 1 бала құтқарды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарға ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ  

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: 2022 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *