ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ШАҺАР БАСШЫСЫ “ҚАМҚОРЛЫҚ” БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Аталған мекеме биыл “Балалар жылы” аясында ашылып отыр. Мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай станционарлық жағдайда күндізгі 4 сағаттық тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді. 110 баланы қабылдауға арналған.

Орталықта кәсіби мамандандырылған психиатр, невропатолог, логопед-дефектолог, психологтар қызмет көрсетеді. Қажетті барлық жағдай жасалған. Интерактивті, АВА топтық және жеке қабылдау бөлмелері, сондай-ақ, қосалқы білім беру, лего және робототехника тігін шеберханасы, АРТ-терапия, ағаш шеберханасы, музыкалық кабинеттермен қамтылған.

Мекеме жұмысымен танысқан қала әкімі ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығының маңызы ерекше екендігін атап өтті.

«Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың мәселелерін шешу — мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Осының негізінде «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет аясын кеңейтіп, жетілдіріп отырмыз. Балаларымызға барынша көмек беріп, ата-аналарға қолдау таныту — басты міндетіміз»,- деді М.Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, қазір орталықта 21 бала оңалтудан өтуде.

Осыған дейін арнайы қызметтерге қол жеткізе алмаған ата-аналар орталықтың білікті мамандарынан тегін әлеуметтік-психологиялық көмек түрлерін ала-алады.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би, 77 “А”.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ЕМДЕЛУ ҮШІН ӘКІМШІЛІК КВОТА БЕРІЛЕДІ 

Алдыңғы

КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *