ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 2000-НАН АСА ЖАС «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ЖОБАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ 

Елімізде көптеген жас маман жұмыс іздеу кезінде бірқатар кедергілерге тап болады. Соны бірі — жұмыс берушілер тарапынан еңбек өтілінің талап етілуі. Осы мәселені шешу үшін халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» іске асырылып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығы биыл жыл басынан 2125 жасты өз мамандығы бойынша жұмыс орындарына жолдаған. Яғни, соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген және еңбек өтілі жоқ түлектер бағдарламаға қатысқан.

Ал, дипломды қолына алып, бірден жұмысқа тұра алмаған NEET санатындағы жастарды қолдау үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. Жыл басынан қаламызда 288 жас бірінші жұмыс орныдарында кәсіби білім мен дағдыларын шыңдауда.

Жалпы еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеген кез-келген азамат «Электронды еңбек биржасына» жүгіне алатынын еске саламыз. Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын Enbek.kz порталында қазіргі таңда (06.12.22) бойынша 2041 бос жұмыс орны бар.

Түркістандық кәсіпкерлер 11 айда 791 экспорттық сертификат алды

Алдыңғы

ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ЕМДЕЛУ ҮШІН ӘКІМШІЛІК КВОТА БЕРІЛЕДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *