ҚоғамСаясат

САЙЛАУ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Бұл үлкен саяси шара қаламызда жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мен өз елімнің бақыты және жас ұрпақтың бақыты үшін өз таңдауымды жасау мақсатында сайлау учаскесіне барып дауыс бердім!

Дауыс беруге асыққан халықтың қарасы көп болды. Халықтың ел тағдырына бей- жай қарамайтындығына және осы сайлаудан кейін елде жаңа өзгерістер болатынына, еліміз одан әрі дамитынына сенімім мол.

Мемлекет басшысын дұрыс таңдау арқылы біз маңызды саяси реформалардың жүзеге асуына өз үлесімізді қосамыз!

Қазақ елі бүгін өз таңдауларын жасады! Ендігіде, ел болашағы кемел болсын!

Еліміздің дамуы жолында бір болайық, тыныштық пен тұрақтылық басты тұғыр болсын!

Пернехан СЕЙІЛБЕК

Ташкентте қазақстандық әртістердің қатысуымен  «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі өтуде 

Алдыңғы

САЙЛАУ: ерекшелігіміз — бірлігімізде!  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *