ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Ташкентте қазақстандық әртістердің қатысуымен  «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі өтуде 

Бішкек пен Алматыдан бастау алған «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі Ташкент қаласында жалғасып жатыр. Биылғы фестивальдің аясында Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде 18-27 қараша аралығында атақты жапон фотографы Шигеру Йошиданың «Ертеңгі күнге көпір» фотокөрмесі ұсынылады.

«Samurai Foto» жапон фотографтары қауымдастығының негізін қалаушы Шигеру Йошида өнер арқылы экология, табиғи және техногендік апаттар, адам мен қоршаған ортаның байланысы сынды мәселелерді көтереді.  Көрмеде оның 3 циклдан тұратын «Бір минут. Дұға үшін шекара», «Теңіз дуалы», «Фукусимадан жолдау» атты жұмыстары көрсетілген. 20 мыңнан астам адамның өліміне себепші болған АЭС апаты бұл өнер туындыларының дүниеге келуіне негіз болды. «Мен көп адамның өмірін жалмаған теңізге қарап, дұға қылған жандарды көрдім. Бұл көрініс маған «Бір минут. Дұға үшін шекара» фотокөрмесін дайындауға шабыт берді. Фотолар арқылы мен дұғаның тылсым қуатын жеткізуге тырыстым», — деп айтты Шигеру Йошида.

Іс-шараның ашылу салтанатында танымал қазақстандық өнер ұжымы – «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, «Регистан» ансамблі, А. Навои атындағы опера және балет театрының солистері Азиза Мухамедова мен Отабек Назиров өнер көрсетті. Көрермендер жаңа көрмені тегін тамашалай алады.

Еске салсақ, «Жапон күзі» халықаралық өнер фестивалі 2011 жылдан бастап өткізіліп, Алматы, Ташкент, Бішкек қалаларын қамтиды. Жобаның ұйымдастырушысы – «Дегдар» гуманитарлық қоры. Бұл жобаға жыл сайын Жапония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің белгілі музыканттары, фотосуретшілері мен өнер қайраткерлері қатысады. Жоба Жапонияның және фестивальге қатысушы елдердің дәстүрлі әрі заманауи мәдениетін таныстырып, шығармашылық байланысты арттыруды, халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуды көздейді.

Сұрақтар бойынша:

Еламан Төлепберген

+7 701 820 9790

 

Қазақстанның болашағы жарқын болады

Алдыңғы

САЙЛАУ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *