ҚоғамСаясат

САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КҮН

(Сенімді өкілдің серпімді ойы)

Қазақстандықтар күні кеше бір ауыздан, ұйымдасқан түрде, ынтымағы жарасып, өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артты. Жүрегімен өзі жасаған бағдарламасы жүректерінен шыққасын ел болашағын сеніп тапсырды. Жауыр болған тақырыптардан, жеке басқа ұзақ уақыт табынудан шаршаған халық «Әділетті қоғамда», «Жаңа Қазақстанда» өмір сүргісі келді, болашақ ұрпағының қамын ойлады. Кемел Тоқаевтай жазушының ұлын соған, ел басқаруға лайық деп тапты.

Халқымыздың адал ұлы Президент болып, табанын нық тірегенін, барлық билікті өз қолына алғанын, елді жемқорлықсыз, парақорлықсыз, қолы былғанбай, адал, таза басқарғанын қалады. Ел сенімін ақтау-үлкен, күрделі, қиын, қызық, әрі мәртебелі жұмыс! Халық қамын ойлаған, жүрегі «халқым» деп соққан, парасатты ұлмен халқы қашанда бірге болмақ!

Халық-Құдайдың екінші аты! Халық оңайлықпен толқымайды, толқыса тоқтауы қиын! Халық риза болса — көл, қатуланса — шөл!

Халықты ешкім жеңе алмайды! Тек халықпен бірге болған адам ғана жеңіске жетеді! Ендеше, халықтың өзі таңдаған Тоқаевқа тура, ақ жол!

Елін, халқын ақылмен басқаруда тек қана сәттілік тілейміз!

Қоғамның екі белді тірегі бар. Бірі — жастар, екіншісі — қарттар. Кешегі еңбек еткен, жалындаған жас — бүгінгінің қарты, қариясы, кейуанасы, яғни ардагері. Қоғам жалындаған жастарға сенетіні белгілі. Сол жастар сияқты, кеше ғана жас болған бүгінгі қарттардың, яғни еңбек ардагерлерінің де қоғам дамуында өзіндік үлесі зор. Негізі қарттық — адамға Алладан берілетін үлкен сый екен. Себебі, қарттыққа, зейнет жасына жете алмай өмірден өтіп жатқандар қаншама!Сондықтан Алланың сол сыйын бағалай білуіміз, шүкіршілік етуіміз керек!

Кейбір өркениеті жоқ, болашағы күңгірт, қарттарына мән бермей, қартайса болды қарттар үйіне тоғыта салып, қараусыз қалып жататын, ұрпағына перзенттік борышын үғындырмайтын елдерден Алла сақтасын! Мұсылман елдерінде әсіресе көрші Түрік елінде, қарттар үйі өмірі болмағандығын назарға ала отырып, Қазақстандағы қарттар үйін азайту, оны бизнес көзіне айналдырмау, қазақстандық әрбір азамат, әсіресе қазақтар ата-анасын қартайғанда өзі бағып-қағуға міндетті екендігін, қартайған ата-анасын қарттар үйіне өткізу — қазақ қоғамына, қазақ менталитетіне жат қылық екендігін естеріне жиі салсаңыз, ол туралы арнайы заң қаралса! Кейбір өркениетті шет елдердегідей зейнет жасына шыққан қарттарымыздың өмірден күдерін үзбейтіндей, зейнетақысы көбейтілсе, оларға өзі қалаған уақытта, таңнан кешке дейін спорттың түр-түрімен айналысып, демалып, өз ақшасына ішіп-жеп, кешке үйіне қонуға қайтатындай салауатты, мәдени орталықтар көптеп ашылса, зейнет жасындағылар республика бойынша қалаішілік автобустарда тегін жүрсе, оларға жастар тарапынан шынайы құрмет көрсетілсе, автобустарда, көпшілік ортада оларға орын беру міндеттелсе сіз басқарған кезең елдің есінде қалар еді. Балаларымыз тыныш ұйқтаса, жастарымыз еркін білім алса, қарттарымыз көңілді, өміріне риза боп аман-сау жүрсе, еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, сіз басқарған кезең — нағыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, бақытты кезең» болар еді! Қандай жағдай болса да, кешегі ел басына күн туғандағыдай, «халқыңызбен бірге болсаңыз» (сізге абырой әперіп тұрған да сол сөзіңіз негізі) сізді де, бізді де ешқандай жау алмас еді! Ел іргесі мықты, керегеміз кең, мәртебеміз биік, шаңырағымыз биік, туымыз тұғырлы, өркениетті, ешкімге тәуелсіз, бай-қуатты ел болайық! Құтты болсын, бағыңыз баянды болсын, құрметті Президентіміз, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Сізді біздер жақсы көреміз!

Сізбен біргеміз! Әркез қолдаймыз!

Балтагуль Оспанова

Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер алқасының төрайымы

ф.ғ.к., доцент, журналист

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Түркістан қаласының Құрметті азаматы

Үлкен басымдықпен жеңіске жетті

Алдыңғы

Ел тарихының жаңа парақшасы ашылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *