Ақсукенттік 98 жастағы ардагер Мукаррам Шайхутдинов өз таңдауын жасады. Денсаулығына байланысты соғыс ардагеріне үйде дауыс беруге жағдай жасалды. 531- сайлау учаскесінің комиссия мүшелері жылжымалы жәшікпен келді.
-Дауыс беруге қатысу – бұл билікке әсер етудің тікелей мүмкіндігі. Бұл – алдағы жылдары ел қай бағытта дамитынын шешуге бағытталған біздің айрықша құқығымызды іске асыру. Өз пікірімен санасқысы келетін кез-келген адам сайлауға барып, өзінің дауыс беру құқығын 100% қолдануы тиіс және қолдана алады,-дейді соғыстың соңгы ардагері Мукаррам қария.
#менсайлауғабарамын
#әділеттіқазақстандыбіргеқұрайық
#меніңдаусымдымаңызды
#сайрамсайлау2022
Comments