ЖаңалықтарҚоғамСаясат

АРЫСТА 100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ӨЗ ҮЙІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін күллі республика көлемінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Арыс қаласының тұрғындары аса маңызды сайлауға бір кісідей атсалысып, айрықша азаматтық белсенділік танытуда.

Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған ардагерлер мен зейнеткерлер де таңдау жасауға мүмкіндік алды. Солардың қатарында Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының 100 жастағы тұрғыны Бейсенбаева Ырыскүл да бар.

Кейуананың дауыс беру процессі үй жағдайында ұйымдастырылып, бюллетендер оның тұрғылықты мекен-жайына жекізілді.

Ырыскүл ана ел игілігі жолындағы барлық маңызды саяси шараларға белсене араласып келе жатқанын айтады.

Осы жолы да сайлауға қатыса алғанына қуанышты. Саналы ғұмырында қуғын-сүргінді де, соғысты да басынан өткерген кейуананың бір ғана тілегі бар. Ол — қазақ елінің бейбіт бе берекелі мемлекетке айналуы дейді кейуана.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға белсенді қатысуда

Алдыңғы

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ СОЛДАТЫ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *