ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Сайлау күні түркістандықтар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бұл күні шаhар аумағынан қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жалпы Түркістан қаласында 230-ға жуық қоғамдық көлік бар. Олар 24 бағытта тұрақты түрде қатынайды. Қазіргі таңда өңір тұрғындарын діттеген жеріне жеткізу үшін екі мекеме қызмет көрсетеді. Тұрғындарға мұндай жағдай жасау еліміздің өзге де аймақтарында жүзеге асуда.

«Президент сайлауы күні халықтың жүріп-тұруына, сайлауға қатысуына оңай болуы үшін қала әкімдігінің мекемелерімен көліктердің тегін жүруіне келіссөздер жүргізген болатынбыз. Жалпы 230 қоғамдық көлік 20 қараша күні халыққа қызмет ететін болады», — деді Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Бұл орайда, түркістандықтардың сайлау науқанына дайындығы мен ынтасы зор. Өңір тұрғындары Қазақстанның баянды болашағы үшін дұрыс таңдау жасап, сайлауда белсенділік танытпақ ниетте.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

САЙЛАУ-2022: ШЫҰ МИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ  

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЕЛІМІЗДЕГІ 86 УЧАСКЕДЕ ДАУЫС БЕРУ БІР САҒАТ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *