ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ШЫМКЕНТТЕ ФАБРИКА ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қа­уымы бол­ған­дықтан олардың тарапынан кандидат ұсын­ған аналар­ды, көпбалалы отбасыларды қолдау және ұлттық құн­­­­ды­­­­­лықта­рды дәріптеуге қатысты іс-шараларға баса мән берілді.

«Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды бағдарламамда бұл сұрақтарға көп көңіл бөлінген. Әрбір отбасы, әсіресе көпбалалы отбасының рухани-өнегелік әлеуеті зор, сондықтан ол халықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін маңызды ұғым. Қазіргі кезде отбасы институтын жан-жақты нығайту, оның мәртебесін арттыру, көпбалалы аналарға қолдау көрсету ерекше маңызды», — деді Қ.Әбден.

Кездесуге ОБСЕ байқаушылар миссиясының өкілдері Крис­тофер Маккалоу мен Кристина Богданова қатысты. Олар үгіт-насихат науқанының барысымен, Қарақат Әб­ден­нің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Айта кетейік, кандидат Қ.Әбден осы уақытқа дейін 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді.

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖИЫНДА АНА МЕН БАЛА МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Алдыңғы

«BIR TOLQYNDA»: ЖАСТАР ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *