ҚоғамСаясат

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ТЫҒЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев республикалық сайлауалды штабтың ұйымдастыруымен тығыз құрылысқа қарсы бейбіт митингке қатысты.

Іс-шара елордада Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті. Акция барысында сөз сөйлеген үміткер тығыз құры¬лыс мәселесі тек елорда және Алматы қаласымен шектел¬мейтіндігін атап өтті. Бұл – Қазақстанның барлық дерлік қаласына ортақ мәселе.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, тығыз құрылыс қала қасіретіне айналуда. Құрылыс компанияларына ең жақсы жер телімдерінің берілетіні жасырын емес. Оған қоса әкімдіктер мұндай компанияларға бас жоспар бойынша мектеп, балабақша мен ауруханалар салынуға тиіс жерлерді беруде. Соның салдарынан тұрғындар әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығынан зардап шегіп отыр.

Қоғам алдында тұрған тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлық. Н.Әуесбаевтың айтуынша, құрылыс компаниялары өз мүдделерін ғана ойлап, ең жақсы жер телімдерін иеленуге ұмтылады. Мұндай жағдайларда әдетте пара беріледі. Кандидаттың пікірінше, жағдайды барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізу арқылы ғана өзгертуге болады. Қала басшылары халық алдындағы жауапкершіліктерін сезінбейінше, жемқорлықты жеңу мүмкін емес.

Бейбіт митингке 50-ге жуық адам, оның ішінде елордадағы тығыз құрылысқа қарсы белсенділер қатысты.

АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАТЫНЫНА СЕНЕМІН

Алдыңғы

Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *