ЖаңалықтарҚоғам

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Алматыға келді. Сапар аясында №176 мектеп-гимназияда жергілікті сайлаушылармен кездесті.

Іс-шара барысында Нұрлан Әуесбаев жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырды. Үміткер өз сөзінде Қазақстандағы экономикалық жағдайдың көңіл көншітпейтінін атап өтті. Инфляция мен баға өсімі, сонымен бірге ұлттық валюта бағамының әркез төмендеуі – қатардағы қазақстандықтардың қалтасына ауыр тиюде. Сол себепті Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының алғашқы тармағы саяси реформаларға арналған.

ЖСДП-дан үміткердің пікірінше, мұның алдын алу үшін «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласынан бас тартуымыз керек. «Бұл формулада бірінші кезекте кәсіби, дағдарысқа қарсы үкіметті құратын бір палаталы парламент мықты болуы керек. Сонымен қатар Мәжілістің 50 пайызы өздерін қолдаған халық алдында жауапты болатын өзін-өзі ұсынушылардан құралуға тиіс. Сол кезде ғана біраз дүние, оның ішінде білім беру саласындағы мәселелер шешіле бастайды», дейді ол.

Нұрлан Әуесбаевтың пайымдауынша, медицина секілді білім беру саласы да мемлекет тарапынан жоғары деңгейде қаржыландырылуға тиіс.

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН АҚТӨБЕДЕГІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ӨСКЕМЕНДЕГІ «ВОСТОК МОЛОКО» КОРПОРАЦИЯСЫНА БАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *