АймақӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамМәдениетРуханият

ТҮРКІСТАН: «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ-НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» атты І республикалық жастар слеті Алматы облысы Қонаев қаласында өтті. Аталған іс-шараға еліміздің облыстары мен қалаларының «Ассамблея жастары» өкілдері қатысты.
Үш күнге созылған шара барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар Алматы облысының көрікті жерлерін аралады. Әуелі Д.Қонаев атындағы мемориалдық мұражайға барып, тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлермен, ғасыр адамының тірлікте тұтынған бұйымдарымен танысты, содан кейін аудан ақсақалдарымен кездесті. Сонымен қатар, Көлсай көлдері, Қайыңды және Шарын шатқалына табан тигізіп, тұмса табиғат сұлулығына қанықты. Шара ары қарай «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» республикалық слетке жалғасты.
Аталған іс-шара Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, ҚР Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиевтің қатысуымен өтті.
– Алматы облысы — еліміздегі көпэтносты өңірлердің бірі. Облыста 100-ден астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Өңірде 300 мыңға жуық жас бар. Мен жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жататынына сенімдімін. Сіздер аймақтың тыныс-тіршілігіне белсенді араласа отырып, біз жаңа Қазақстанды құрамыз. Бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру біздің басты міндет. Ал, «Ассамблея жастарының» мүшелері қойылған барлық міндеттердің орындалуына өз үлестерін қосады деп сеніммен айтамын, — деді Батыржан Құлаймергенұлы.
Жиында слет қатысушылары да сөз алды. Мәселен, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев «Ассамблея жастары» РҚБ қазіргі Қазақстандағы даму перспективасы» тақырыбында баяндама жасады.
– Слет бағдарламасы өте мазмұнды. Іс-шараның басты ерекшелігі — бүгінгі таңда жас балаларға нетворкинг, сондай-ақ интерактивті форматта Алматы облысының тарихи көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Біздің слетіміз Алматы қаласында орналасқан қазақ халқының ұлы ұлдарының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражайынан басталуының символдық мәні бар. Менің ойымша, осы үш күн барысында біздің жастар ортақ тарихымыздың жаңа беттерін ашып, республикамыздың Сокралды жерлерімен таныса алады, — деп атап өтті Тимур Джумурбаев.
Өз кезегінде «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев тарихты жаңа форматта оқу туралы айтып берді. Ал, «Ассамблея жастарының» Алматы облысындағы төрағасы Руфина Усанова аймақ бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы баяндап, Конаев қаласын дамыту мақсатында креативті идеялар платформасын құруды, республикалық «Тәлімгер» жобасына менторлықты ұсынды.
Айта кетейік, республикалық жастар слетіне Түркістан облысынан қатысқан қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Маржан Ержанқызы және «Қоғамдық келісім» КММ-і Сауран аудандық филиалының маманы Жанболат Өтепбаев диалог алаңында ой-пікірлерін ортаға салып, ел бірлігін нығайту жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.

ТҮРКІСТАН: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *