АймақӘлеуметБілімЖастар саясатыҚоғамМәдениетРуханият

ТҮРКІСТАН: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Жиынға облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті.
Аталған іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшысының орынбасары Ерназар Баетов, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің аудан, қалалардағы төрайымдары мен мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған Ерназар Көпжасарұлы өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды алдағы келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің демеушілігімен
20 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен формалар табысталды.
Жыл сайын болатын бұл акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп тұрады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алуға болады.
Аталған акция республика бойынша 2022 жылдың 31 тамызына дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
Жиын соңында ақ жаулықты аналар оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, «білім нәрімен сусындап, отансүйгіштік рухтарың мықты болсын, асқар шыңдарды бағындырыңдар» деп ізгі тілектерін жеткізді.

ЖЕТІСАЙ: ӨРТЕНГЕН БАЗАР БОЙЫНША ЕКІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *