АймақЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы Төлеби ауданында өтті.
Кеңес отырысында ҚХА-ның «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасының Түркістан облысында іске асырылуы қаралды.
Аталған бағдарламаның мақсаты — отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздейді, ұлттық дәстүрді қадірлеуге, сақтауға шақыру болып саналады.
Кеңес отырысына Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы, облыстық, аудандық, қалалық және этномәдени бірлестіктер жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Маңыздылығы терең жиында «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасының Төлеби ауданында атқарылуы туралы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахишова Айдаркүл Айтбайқызы баяндады.
Жиында қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің үздік үлгілері төңірегінде ой-пікірлер айтылды.
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі осы бағытта түрлі бастамалар жасап, оның жүзеге асуына ұйытқы болып келеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ БАР

Алдыңғы

Діннің жастардың санасы мен дүниетанымына әсері

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *