АймақЖаңалықтарЖастар саясатыСпорт

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан өткен сайыс өз мәресіне жетті.
Ұлттық ойындар сайысын өткізудегі мақсат — жастар арасында рухани мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, этнос жастарының ұлттық ортаға бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру.
Іс-шараны қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ерлан Керимбеков пен «Қоғамдық келісім» КММ нің басшысы Элмира Ұласбекқызы жүлдегерлерді марапаттап, 1, 2, 3 орындарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдарды табыстады.
Сайыс нәтижесінде қазақша күрестен Түйе палуан атағын Нуров Абдулла (Жетісай ауданы) жеңіп алды.
Ләңгі тебуден 1 орын Мурадулла Ильяс (Сауран ауданы), 2- орын Алисултанов Алижан (Мақтарал ауданы), 3- орын Бекниязов Суннат (Сайрам ауданы) еншіледі.
Садақ тарту сайысы бойынша 1 орын Насируллаев Дилнур (Кентау қаласы), 2 орын Оразбай Абрар (Келес ауданы), 3 орын Камалов Алпамыс (Мақтарал ауданы) алды.
Қол күрестен 1 орын Касимов Тойрат (Түлкібас ауданы), 2 орын Нишантаев Улугбек (Сайрам ауданы), 3 орын Юнусов Зикуроллох (Сауран ауданы) алды.
Асық атудан 1 орын Абдрахманов Самандар (Сауран ауданы),2 орын Юлдашев Бекзод (Кентау қаласы), 3 орын Ислам Эльнур (Түлкібас ауданы) алды.
Қошқар көтеруден ең жоғарғы көрсеткіш 50 рет көтеріп Сайдазимов Мухамедали (Сайрам ауданы) қошқарға ие болды. 2 орын 36 рет көтерген Юнускулов Ақылбек (Келес ауданы), 3 орын 31 рет көтерген Мургушев Сулейман (Түлкібас ауданына) бұйырды.
Арқан тартудан 1 орын Түлкібас ауданы, 2 орын Төле би ауданы,3 орын Кентау қаласының командалары алды.
Тоғызқұмалақтан 1орын Ирситаева Сарвиназ (Сайрам ауданы), 2 орын Бадиров Рамазан (Кентау қаласы), 3 орын Төрехан Махибулла (Сауран ауданы) алды.
Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлық табысталып, бұл сайыстың алдағы уақытта да жалғасын тауып отыратындығы айтылды.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ нің баспасөз қызметі.

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Алдыңғы

Этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан сайыс өтуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *