АймақЖаңалықтарЖастар саясаты

«Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында пікір алмасу болып өтті

Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында пікір алмасу болып өтті.
Іс – шараның мақсаты — Ұлтаралық достық қарым — қатынасты сақтау,дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйрету, қоғамда тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу.
Іс – шараға Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, Түркістан қаласы «Аманат» партиясы жанынан құрылған «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері және ЖОО студенттері қатысты.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ- нің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы жастарға өз пікірін білдіре отырып, Түркістан қаласы «Аманат» партиясы жанынан құрылған «Жастар рухы» жастар қанатының Халықаралық қазақ түрік университетінің студенті, төраға кеңесшісі Айбол Әлімжанұлы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Мамасадикова Азиза Сабиржанқызы, Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Насиридинов Сиражиддин Өткірұлы жастар атынан, осы тақырыпта өз ойларын ортаға салды.
Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. 130 ұлт қазақ шаңырағының астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі екендігіне шара барысында тағы да бір көз жеткіздік.

«BEREKE – FEST» ЭТНОФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ    

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *