АймақЖаңалықтар

25 — қазан Республика күні

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетінде Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастаруымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ — мен бірлесіп, 25 — қазан Республика күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының құрамы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, профессор, оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, “Ассамблея жастары” РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері мен студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс — шараның негізгі мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып мағлұмат алу, сонымен қатар 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылдануы және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттілігімен 25 қазан — еліміз үшін Қазақстан тарихындағы ең маңызды даталардың бірі екенін ұғындыру, Қазақстан халқы мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидаларына мән берілуін насихаттау болды.
Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуникалдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда бірлесе жұмыс жасауға шақырып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар философия ғылымдарының кандидаты, прфессор Оңалбеков Әбдіманап «Қазақстанның тәуелсіздік белестері» тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Сөз соңын қорытындылаған тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсұн Хазретәлі «Қазақстандағы этно-деформациялық процесстердің себептері мен салдарлары (тарихи талдау)» тақырыбында сөз қозғап тарихи жаңалықтарымен бөлісті.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ нің баспасөз қызметі.

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ОРАЙ БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ӘЗІРЛЕНДІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 345 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *