Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала елі» орталығында «Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсерудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – Түркістан облысы аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуді, әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсерудің заманауи тәсілдерін оқып, үйрену болып табылады.
Семинарға облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылық құрамы мен мекеме филиалдарының қызметкерлері, аудан, қала әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, аудандық, қалалық прокуратура органдары мен полиция бөлімдерінің қызметкерлері, Кентау қаласы, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарының этнос өкілдері тығыз орналасқан ауыл округтерінің әкімдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Семинарда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының маманы Оралбеков Тимур Құрбанұлы модераторлық ете отырып, Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультетінің деканы Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Садықов Сейдулла Садықұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар семинар соңын Тимур Құрбанұлы қорытындылап, алдағы уақытта бұл тақырыпта іс шаралар өз жалғасын тауып отыратындығын жеткізді.
Comments