Қазақстан Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден Алматы облысының Талғар қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесу кезінде бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, кандидат Алматы облысының Тұздыбастау ауылында отбасылық кәсібін дөңгелетіп жүрген зейнеткер Сайыпжамал Өтептiң шаңырағына барды. Сайыпжамал Өтеп зейнетке шыққалы бері сүттен кілегей, қатық, құрт, ірімшік, сыр, айран, көже, жент дайындап, сайда жасап жүрген отбасылық шағын бизнесті қолға алған.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Comments