ҚоғамСаясат

ЕЛІМІЗ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА

Биыл — елімізде аса маңызды саяси оқиға. 2022 жылдың 20 қарашасында ҚР Президент сайлауы өтеді. Дәл осы күні әр азамат сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасайды. Қоғамның өзгеріп, Жаңа Қазақстанның қалыптасқанын қалайтын әр тұлға әуелі өзгерісті өзінен бастауы тиіс.

Сайлау – үлкен жауапкершілік. Бұл сайлау – елдің ынтымағы мен жұрттың бірлігін, әр отандасымыздың азаматтық белсенділігін көрсетпек. Өйткені, мемлекеттің болашағы басшысына байланысты. Ал алдағы сайлауда біз сол мемлекетті басқаратын азаматты таңдаймыз. Демек, елдің келешегі үшін алаңдайтын кез келген елжанды азамат науқаннан тыс қалмауы керек.

Биылғы Президент сайлауының бір ерекшелігі – Президентті жеті жылға бір рет сайлаймыз. Президенттің бір рет жеті жылға сайлануы – ол жоспарланған реформаларды іске асыруға мүмкіндік беретін, демократиялық алға басудың айқын қадамы.

Осы сайлаудан үлкен үмітім бар. Әділетті әрі жаңа Қазақстанды құруымыз үшін, ең бірінші алдағы сайлауда әділетті, іскер, халық қамын ойлайтын басшыны таңдауымыз қажет. Осындай саяси маңызы зор сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау — әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы.

Досжан ҚЫДЫРАЛИЕВ,

Түлкібас ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің директоры

САЙЛАУ КҮНІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Алдыңғы

САЙЛАУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *