Жаңалықтар

Мақсат — проблемалық мәселелерді талқылау

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен бизнес өкілдерінің  жиыны өтті.

Жиынға барлық ауданнан онлайн форматта кәсіпкерлер қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, проблемалық мәселелерін айтты.

Мәселен, Отырар ауданы бойынша шаруалар атынан “Марғұлан” шаруа қожалығы төрағасы Бекжан Ибашев Аудан көлеміндегі Шәуілдір массивіндегі 368 км коллектор дрендері мен Ақын Жақып каналының қаржысын бөлдіру жөнінде Су ресурстары комитетине Казводхозға ұсыныс беру керектігін қозғады. Жәнеде бірқатар сұрақтар, атап айтқанда:

— ЖАО-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бойынша жекеменшік балабақшалардың алдындағы жүйелі берешегі;

— Мақта шаруашылығын дамыту бойынша Агроқұрылымдарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету;

— Алма, шабдалы тағыда басқа көшеттерін егу үшін несие берілсе, 3 жылдан кейін өнім беруіне байланысты, несие төлеу мерзімін 3 жыл каникул берілсе деген ұсыныстар;

— Көктемгі дала жұмыстары бойынша диқандарға несиені ақпан айында берілуін қаматамсыз етуге ықпал жасалса деген ұсыныс;

— Жылы жай шаруашылығы проблемасы және т.б.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан проблемалық мәселелер жұмысқа алынды.

САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ НЫҒАЙТАДЫ  

Алдыңғы

«BEREKE – FEST» ЭТНОФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *