Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. Сайлау – саяси науқан. Биылғы сайлау бұған дейінгі сайлаулардан өзгерек болғалы тұр. Себебі бұл жолы Президент бір ғана мерзімге 7 жылға сайланады. Бұл осы сайлаудың ерекшелігі.
Бұл уақытта президенттікке үміткерлердің өз бағдарламасында көрсетілгендерді жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Президент сайлауы туралы сөз болғанда мұның саяси ауқымы, елдік мұраты, халықтық қасиеті барынша кең ауқымға айналып шыға келеді. Өйткені халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Сол арқылы өзінің де болашақ баянына сенімділік тұғырын орнықтырады. Дәл осы кезде бізде жұдырықтай жұмылып, дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
Еңлік ҚАЙЫП,
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 2-курс магистрі.
#Сайлау2022
Comments