ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңесте ішкі тұрақтылық пен этносаралық татулықты бекемдеу жайы қаралды. Отырысқа қатысқан қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерін халық пен билік арасындағы ықпалдастықты нәтижелі арттыруға шақырды.

Белгілі қоғам қайраткері, кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қаралып, Абай ауданы әкімдігінің этносаралық саясатты ілгерілетудегі жұмыс барысы сараланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық тұрғын үй басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жұлдызай Ордабекова, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Көшікбаев хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы кеңінен тоқталды.

Қоғамдық келісім кеңесі – қалалық ҚХА жанынан құрылған консультативті-кеңесші орган болып табылады.

Құрамына абыройлы ақсақалдар мен этнос көшбасшылары енген кеңестің негізгі функциясы – қоғамдық келісімге кері ықпал ететін мәселелерді қарап, әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау жөнінде ұсынымдар беру.

Айта кетейік, биыл кеңес тарапынан мекемелерге 18 ұсыным берілді. Аудандық деңгейдегі кеңес мүшелері этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда өткен 31 кездесуге қатысып, берекелі бірліктің мән-маңызын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды.

 «ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ОТЫРЫСЫ

Алдыңғы

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *