ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі «Түркістан облысындағы кейбір білім беру мен мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» № 741 қаулысы шықты. Осы орайда, өңірдегі бірқатар нысандарға тарихи тұлғалардың есімдері берілді.

Атап айтар болсақ, Арыс қаласындағы «№2 бастауыш мектебі» КММ-не Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі, Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Абайдың есімі берілді.

Жетісай ауданындағы «№12 жалпы орта мектебі» КММ-не Әл-Фарабидің, «№ 58 жалпы орта мектебі» КММ-не Мырзақадыр Нұрбаевтың, Мақтаарал ауданындағы «№36 жалпы орта мектебі» КММ-не Әлихан Бөкейханның, «№ 9 жалпы орта мектебі» КММ-не Ахмет Байтұрсынұлының есімдері берілді.

Сондай-ақ «А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі болып бекітіліп, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне «Отырар» атауы берілді. Сауран ауданының «№13 жалпы орта мектебі» КММ-не Әшірбек Сығайдың, «№25 жалпы орта мектебі» КММ-не Сабыр Рахимовтың есімдерімен өзгертілді.

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Амангелді» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Майлықожа ақын атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып бекітілді.

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазақстанға 30 жыл» атындағы № 3 көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Болашақ» мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Кезеңбұлақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Егемқұл Тасанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып өзгерді.

Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебі КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып, Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Екпінді» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып аталды.

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шорнақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Майдантал» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болды.

Сонымен қатар, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызыл жол» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Ташанақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Шыпан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Шобанақ жалпы орта мектебі» КММ-сі «Төле би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып бекітілді.

Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып, «Ескі Иқан» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Достық» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып қайта аталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *