ЖаңалықтарҚоғам

«Қайталанбас дара тұлға»  

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №2 кітапхана бөлімшесі мен   қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі 2022 жылдың 15 қыркүйегінде   «Қайталанбас дара тұлға» (Мемлекет қайраткері, соғыс ардагері, ақын, жазушы  Асанбай Асқаровтың туғанына- 100 жыл) атты іс-шара  ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Жастардың ой-ұшқырлығын шыңдап, елімізге еңбегі сіңген дара тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, тарихи кітаптарды көбірек оқуға шақыру.

Іс-шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Олар Асанбай Асқаровтың шығармаларынан үзінділер жатқа айтты. Қоғам қайраткері Асанбай Асқаров Оңтүстік Қазақстан облысына басшы болып тұрғанда  көзін көрген,  ауыл шаруашылығы мен ипподромда талай жыл абыройлы қызмет еткен Серік Қарсақбаев Асанбайдай азаматтың елге, қоғамға тигізген пайдасы мен атқарған істеріне тоқтала келіп, жастарға ой саларлық әңгіме айтты.

-Менің сіздерге айтарым, ертең мектепті бітіріп, мамандық алып шыққанда, сол мамандыққа адал болыңыздар. Ол диплом сандықтың ішінде бекерге жатпасын. Қазір көбі алған мамандығы бойынша қызмет етіп жүрген жоқ. Негізі қазірден бастап мамандықты жүрекпен таңдаңдар. Сонда сіздерден қоғамға да, ортаға да пайдалы азамат шығады. Бірде Асанбай Асқаров бір жиында былай деді:

«Жігіттер, қандай жұмыс істесеңдер де шын ниетпен, жүрекпен сүйіп істемесеңдер, онан жақсы нəтиже шықпайды. Мен жылқыны бала кезімнен жақсы көремін. Сол жақсы көретінім маған Алматыдан, Шымкенттен ипподром салуға итермеледі,»- деді.

Елін сүйген азамат Оңтүстік Қазақстан облысына басшы болып тұрғанда Шымкенттегі ипподромды, зоопаркті, дендропаркті салдырды. Сол дендропаркке 1400 ағаш пен құс əкеліп, олардың бүкіл тарихын жаздырған. Міне, елі мен өз ісін сүйген азаматтың еңбегі. Сол дендропаркте еменнің 900 жыл, 1200 жəне 1600 жыл өмір сүретін түрлері бар. Міне, осылардың бəрін Асанбай Асқаров аталарың болашақ ұрпақ, сіздер үшін жасады,»- деп ұлағатты сөздермен тәмамдады. Мұнан соң Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» бөлімінің бөлім басшысы Азиза Исаева,  журналист Базаркүл Қалбыр өтіп отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жастардың болашақта кітап оқуға, білім мен ғылымға көп назар аударуы қажетін айтты. Қатысушы жастар да өз ойларымен бөлісті.

Мұнан соң осы шараға белсене қатысқан оқушылар мен студенттерге Абай атындағы орталық кітапхана меңгерушісінің атынан Алғыс хат тапсырылды.

 

Түркістан: іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің бизнес-форумы өтті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *