Қостанай өңіріндегі алапат өрттің зардабынан жапа шеккендерге көмек қолын созу жұмыстары әлі де жалғасуда. Күні кеше ғана Шымкенттен гуманитарлық көмек керуені жолға шықты.
Көмек беруде қалалық этномәдени бірлестіктердің, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары мен мүшелері де қалыс қалмады.
Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар, сондай-ақ Аналар кеңесінің тарапынан жалпы көлемі 2 миллионан астам қаржылай көмек белгіленген арнайы шотқа аударылды.
Сонымен қатар, киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары, құрылыс заттары жиналды.
Қиналған сәтте бірігіп, бауырмалдылық көрсетуде ісімізді жалғастыра береміз дейді, аталмыш бірлестік мүшелері.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments