ҚоғамРуханият

Әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттардан абай болайық!

Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын тұтынушылар бүгінде өте аз. Әсіресе, жастар арасында бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтап қалады. Жастардың санасына үлгілі тәрбие дағдыларын қалыптастыруға ата-аналар мен педагогтар көп күш жұмсайды. Ол дағдылардың нәтижесін жылдар өткен соң ғана көре алады. Дәл сол тәрбие үрдісі жүріп жатқан шақта жастарды қандай мәселе мазалап жүргенін немесе оған қызықты не нәрсе екенін білу қиын. Оны сұрағанның өзінде оқушы не студент ашық айта бермейді. Өйткені, оның қолындағы смартфондағы ақпараттар дәл сол кезде оның миына шабуыл жасап жатады. Олар ол ақпараттарды сабақта немесе үйде үнемі талқыға сала бермейді. Тіпті, өз ортасында да оған баса назар аудармайды. Ең бастысы оған оны талдайтын білім мен тәжірибе жетіспейді. Осыған байланысты Ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнін оқыту процесінде дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілі ретінде шетелдік және Қазақстан аумағындағы діни сайттардың ақпараттарының мазмұнына мән беріп, нақты өмірлік тәжірибеде кездесетін мәселелерге жауап беруге тиіспіз.

Ғаламтордағы әртүрлі әлеуметтік желілер тек игілікті іске қолданылмаса үлкен келеңсіздіктерге әкелетіні анық. Тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру онша қиын іс емес. Сондықтан да, оның алдын алу үшін халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе екендігін қаперімізде ұстағанымыз жөн.

Ғаламтор жүйесін ойлап тапқан ғалымдар, мұны адамдар бір-біріне зиянды ақпарат беріп отырсын немесе өз-өзіне қол жұмсауды үйренсін деп шығармағаны анық. Тек жақсылыққа ғана қолдану керектігін көзі ашық кез келген азамат білсе екен.

Қазақстан халқының 77 пайызы әлеуметтік желілерді меңгергені және олар үнемі ондағы ақпараттарды пайдаланатындығын ескерсек, кейде таным мен тәрбие үрдісін осы жүйеге ауыстырудың маңызын көреміз. Бұл жаңа технологияны игеру ісі мемлекеттік деңгейде біртіндеп жүзеге асып келеді. Әр ел өз мүмкіндігінше бұл шарамен айналасуда. Әрине, технология ай сайын қарыштап дамып отырған бүгінгі таңда бұл үдеріске ұласу оңай шаруа емес. Әртүрлі мақсатты көздеп ақпарат таратып жатқан ұйымдарға талдау, талқылау жасайтын мамандар көп қажет.

Елімізде діни немесе ұлтаралық алауыздық отын қоздырып жіберетін лаңкестік әрекетті болдырмау, шиеленісті жағдайды анықтауға бағытталған сараптау-талдау, ғылыми-ағартушылық зерттеу орталығының жұмысы тиімділігін көрсетті. Өйткені, қазіргі таңда лаңкестікті әлеуметтік ортадан, айналадан аулақ оңаша әлем деп қарау қателік. Оны елдегі саяси, әлеуметтік, рухани-психологиялық ахуалдан бөліп қарауға болмайды. Себебі, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалғандығын көп жастар алғашында байқай бермейді. Оларға «көңіл аударуының» себептері төмендегідей екендігін сараптау арқылы көз жеткіздік:

— ақпараттық кеңістікте сараланбаған ақпараттың көптігінен туындайтын салғыттық;

— көңілі ауған ақпараттан тура шешім шығаруға жетпейтін білімсіздік;

-әлеуметтік қиын мәселелердің жиынтығынан құтылу үшін әртүрлі жолдарды қарастыру, соның ішінде конфессиялардан рухани психологиялық көмек іздеу;

— креативті ойлауға қабілетсіздік.

Қазіргі таңда елімізде дін саласындағы отандық ғалымдар мен сарап-шылар тіпті, мемлекеттік қызметкерлер де өз жұмыстары барысында жеткілікті деңгейде ғаламтор арқылы әлеуметтік желілілердің барлық түрлерін еркін қолдана отырып, дін мәселесіне қатысты ақпараттарды таратуда. Әсіресе күнделікті жаңалықтар мен жасалынған игілікті істер, қажетті материалдар жариялануда. Алайда, дәстүрлі емес діни ағымдар да желілерді өз пайдаларына қолданып жатқандығын естен шығармауымыз керек. Бүгінгідей алмағайып заманда экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпарат арқылы әсер етуді кеңінен қолдануы олардың қызметінің ажырамас бөлігіне айналды десекте болады.

Қорытындылай келе айтарымыз, ақпараттық тұрғыдан ашық қоғамда елімізде қалыптасқан рухани құндылықтарымызды сақтап қалу, оны бүлдірмеу, бүлік салдырмау басты мақсатымыз. Жат ағымдарға тосқауыл қоюда қоғамдағы дін мәселелерін зерттеп, сараптама жасаудың маңызы зор. Деструктивті ұйымдарға қарсы күрестің бірден бір жолы – діни сергектік, діни сауаттылық.

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Матуриди сенім мектебі жайлы таным

Алдыңғы

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ТАРИХИ ТАЛАП

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *