Ағымдағы жылғы 27 тамыз күні, сағат 15.00-де Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заңым — айбыным!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері және ҚХА құрылымдарының жетекшілері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары И.Хашимжанов модератор болды.
1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып аясында сөз сөйлеп, өзара пікір алмасулар жасалады.
Қазіргі кезде Шымкент қаласында 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың жанында 3 жексенбілік мектеп, 12 жастар қанаттары жұмыстарын жүргізуде.
Comments