ЖаңалықтарМәдениетРуханият

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ 

Шымкентте қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Салт-дәстүрдің саңылағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысы өтті.

Жыр додасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 10 айтыскер ақын қатысты.

Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы және филология ғылымдарының кандидаты Мамыт Амангелді Алтыбайұлы қазылық етті.

Айтыста сахнаға көтерілген 5 жұп ұлы ұстаздың ұлт руханиятындағы орнын жырларына арқау етіп, шешен тілдің шеберлігін көрсетті.

Нәтижесінде І орынды шымкенттік бала ақын Аллажар Сапархан қанжығасына байласа, ІІ орынды Сарыағаш ауданынан келген Елсияр Құлахмет еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды Отырар ауданының ақыны Баянбай Ахметрасул иеленді. А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде Нұр-Сұлтаннан келген Аян Ниязбектің қанжығасына байланды. Айтысқа қатысқан барлық жас ақынға арнайы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

«Шымкент келбеті»

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Алдыңғы

Екі күнге созылған семинар-тренинг өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *