ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТ: «КҮМІС ҚАЛАМ» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте республикалық «Күміс қалам — 2022» байқауы ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас ақындар қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Сондай-ақ жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақтар сабақтастығын жалғау, олардың ақындық қабілеттерін шыңдау.

Мүшәйрада сөзден маржан терген ақындарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі Бекмұрат Анарбаев қазылық етті.

Байқауда ақындар сөзден маржан теріп, ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін жырларына арқау етті. Қазылар алқасының шешімімен «Күміс қалам» атты поэтикалық дуэльдің бас жүлдесіне Шымкент қаласының жас ақыны Арайлым Мұраталиева ие болды. Күмістен жасалған қаламды жеңімпазға қазақтың белгілі ақыны Қалқаман Сарин табыстады.

І орын «Есенғали Раушан» атындағы арнайы жүлде — қостанайлық Дәулет Жадырасынға бұйырды. ІІ орынды «Әбілда Аймақ» атындағы арнайы жүлде — Бейбітбек Ақбота (Шымкент қаласы); ІІІ орынды «Тынышбаев Рахым» атындағы арнайы жүлде — Оралбай Аружан (Жезқазған қаласы) ие болды.

«Жәркент Бөдеш» атындағы арнайы жүлде — Мерсадықов Алтынбек (Орал қаласы;)

«Аманхан Әлім» атындағы арнайы жүлде — Тұрғанбек Нұртас лайық деп танылды.

ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ 

Алдыңғы

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адамды тұрғын ұстады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *