ЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАДЫ  

Шымкент қаласының тұрғыны Айгерім Ережепова көпбалалы ана. Жасы 32-де. Мамандығы — дизайнер. 6 жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді.

2022 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығының Instagram парақшасынан сәуір айында мемлекеттік грантқа құжат қабылдаудың басталатындығы туралы хабарландыруға көзі түскен ол тұрғылықты мекенжайы бойынша көпбалалы санатымен тиісті құжаттарын өткізеді. Уақыты келгенде арнайы комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғап, оған грант (400 АЕК) тағайындалған.

Алған қаражатына заманауи үлгідегі цифрлы тігін машинасын, ноутбук және т.б. қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады.

Қазіргі таңда кәсіп иесі тапсырыспен түрлі бұйымдарды тігуде. Тіпті instagram-нан парақшасын да ашқан.

— Адам алдына қойған мақсатына жету үшін әрекет етуі керек. Еңбектенуі тиіс. Сонда ғана қандай да бір жетістікке қол жеткізе алады. Көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға мемлекеттің қолдауы көп. Соның бірі — мемлекеттік грант. Жеке, шағын кәсібін бастауға зор мүмкіндік. Сондай мүмкіндік маған да туды, — дейді Айгерім Ережепова.

«ТАЛАНТ» МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНДА 7 ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *