Жастар – болашақтың жарқын айнасы іспетті, ұлт үмітін арқа¬лаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Бүгінгі күні жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып жүргендігіне көзіміз жетіпте жүр. Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет екені белгілі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,-дегендей, бүгінде Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде біздің де ең басты қолға алар ісіміз ықылым заманнан мұра болып, бей – жай қарамай байсалдылықты талап еткен ұрпақ тәрбиесі. Дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны әр ұлт үшін қашанда бөлек екені даусыз. Бүгін ағымдағы шілде айының 20 күні Қаратал ауданы Кәсіпкерлер Палатасының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Құсайынов Фархат Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлымен кездесіп аудан жастарының хал – жайын сұрап, келешекке деген жоспарларын білді.
Кездесуде Нұржан Нұрланұлы өзіндегі жақсы жаңалығымен бөлісті:
Жақында ел көлемінде Ақмола облысы, Зеренді ауданында жастар жилып өткен съезд өтті, және сол съезд кезінде «АМАNАТ» партиясы жастар қанаты «Жастар рухы» болып өзгерді. партиямыздың қызметін трансформациялау үрдісі жастар қанатында да жалғасты. Жастар қанатының трансформациясы бойынша еліміздің белсенді жастарынан мыңдаған ұсыныс түсті. Сол ұсыныстар негізінде ұйымның жаңғыру бағдарламасының жобасы әзірленді. Елдің миллиондаған жастарын елге, жерге деген сүйіспеншілік, Қазақстанның айқын болашағы жолында адал еңбек ету мақсаты «Жастар рухы» ұйымында біріктіретіндігін деп ерекше ықыласпен әңгімелеп берді.
«Арыстандай айбатты – мен жастарға сенемін» деп бес арыстың бірі Мағжан ақын айтпақшы, біз де сенейік ел ертеңі жастарға…
Қобланды ӘБЕНОВ.
Comments