БілімЖаңалықтар

ҰБТ-да 33 пайызы шекті балдан өте алмады

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі: 38,2 млрд тг — өткен жылға қарағанда құндық мәнде 16,4%-ға артық. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігіне астана (17,1 млрд тг, жылына плюс 47,3%) және Шымкент (8,3 млрд тг, плюс 30,3%) кірді.

Сектордағы көрсетілетін қызметтердің ең аз көлемі Қызылорда облысында тіркелген: 1,3 млрд тг, жылдық өсім — 1,9 есе.

Жоғары білім беру саласындағы қызметтер көлемінің ең көп жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді (6,2 есе, 1,9 млрд тг дейін), ең азы — Ақтөбе облысында (3,6%-ға, 4,3 млрд тг дейін). Сонымен қатар, Түркістан облысында секторда көрсетілген қызметтер көлемі қысқарып, өңір үшін айтарлықтай 14%-ға, 2,4 млрд тг дейін азайды.

Меншік түрлері бөлінісінде ең көп қызметтерді сектордың жеке кәсіпорындары көрсетті: 74,5 млрд тг — өткен жылға қарағанда 37,3%-ға артық. Тағы 27,8 млрд тг мемлекеттік мекемелердің, 447,2 млн тг шетелдік компаниялардың қызметтері құрады.

Кәсіпорындардың өлшемділігі бойынша қызметтердің басым бөлігін ірі компаниялар көрсетті: 87,8 млрд тг — өткен жылға қарағанда 24,5%-ға артық. Шағын кәсіпорындарға 9,9 млрд тг, орта кәсіпорындарға — 5 млрд тг болды.

QS World University Rankings​ 2023 әлемнің әр түкпірінен шамамен бір жарым мың жоғары оқу орнын қамтитын рейтингіне 16 қазақстандық университет қатысты. Оның ішінде 500 үздік ЖОО қатарына бес ЖОО түсті: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

Топ-1000-ға тағы 8 жоғары оқу орны кірді: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және «КИМЭП Университеті» ҰАК.

Сонымен қатар, қазақстандық талапкерлердің үштен бірі ҰБТ-ның шекті балынан өте алмады, деп хабарлайды​ ҚР Президенті жанындағы ОКҚ.

Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балды 103 мыңнан астам оқуға түсуші жинады. Көрсеткіш өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда 7%-ға артты. 51 мың тестіден өтуші немесе жалпы санның 33%-ы шекті балдан өте алмады. ҰБТ орташа нәтижесі 66 балды құрады.

САЛАЛАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 

Алдыңғы

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *