Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің ІI тоқсандағы отырысы болып өтті.
Отырысты Кеңес төрағасы Махамбет Айтбай жүргізіп отырды.
Отырысқа Жетісай аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Махамбет Айтбай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамуратов, Жетісай аудандық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Елов және кеңес мүшелері қатысты.
Ауданда этносаралық жағдайлардың дұрыс шешілуін қамтамасыз ету, ұлтаралық жанжалдар мен қақтығыстарды болдырмау, бірлік пен ынтымақты нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жастар арасында адалдық құндылығын қалыптастыру мақсатында арнайы жұмысшы тобын құрып, елді мекендерде жастармен, ауыл ақсақалдарымен кездесулер өткізу жоспары жасалды. Бұл бағытта этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасы жүзеге асырушы болып табылатын қоғамдық келісім мекемесінің ұсынысымен ел ағалары мен арнайы мамандардан жұмысшы топтары жасақталатын болды.
Отырыс барысында кеңес мүшелері орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды.
Comments