Созақ ауылында «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы теологы Қуаныш Қосмаханов лекция оқыды. Мемлекеттің зайырлылық принциптерін жан-жақты талдап, түсіндіріп берді. Деструктивті діни ағымдардың шығу тегі олардың қоғамға келтірер залалы жөнінде әңгімеледі.
Кездесудің аяғында ойталқы болып, созақтық қариялар өз ұсыныс, пікірлерін айтты, ал жастар жағы қойған сауалдарына тұщымды жауаптар алды. Қуаныш Елубайұлы кездесуге келген азаматтарға Түркістан облысының Дін мәселелерін Зерттеу Орталығы әзірлеген танымдық кітапшаларды таратты.
Comments