АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУІП — ҚАТЕРІ.

2022 жылдың шілде айының 14 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Қоссейіт ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Ә. Алденеев, Қоссейіт ауылы «Қоссейіт» мешітінің молдасы Н. Бижигитов «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіп — қатері», — тақырыбында ауыл тұрғындарымен ауыл тұрғындарымен кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, түрлі дәстүрлі діни ағымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдар көптеп кездеседі. Әр түрлі діни идеялар мен ағымдардың белсенді тарауына өткен кеңестік уақыттан қалған азаматтардың рухани қажеттіліктері, сонымен қатар шетелдік түрлі діни ұйымдардың белсенді әрекеттері әсер етті. Қазіргі таңда еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Қазіргі қоғамда дінге бет бұрған жастар көп. Солардың кейбірі ислам дінін әртүрлі уағыздап жүрген экстремистік ұйымдардың ықпалына түсіп қалып жатады. Діни сауаттылық болмағандықтан буыны беки қоймаған бозбалалар мен бойжеткендер арам пиғыл жандардың сөзіне ұйып, артынан ереді. «Интернеттегі, не болмаса түрлі әдебиеттердегі ақпаратты саралай білген жөн. Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп — қатерден сақтандырудың бірден — бір жолы — алдын алу. Мұның барлығы негізінен жастар арасында діни сауаттылықтың қоғамдық қажеттілік талаптарына сай дамымай отырғандығына байланысты деп санаймыз деп сөзін қорытындылады.

ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АРБАУЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ.

Алдыңғы

ШӘКӘРІМ ҚАЖЫНЫҢ ДІН ТУРАЛЫ ОЙ ТОЛҒАМДАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *