АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ЖАТ АҒЫМ БІРЛІККЕ ЕМЕС, БҮЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ.

2022 жылдың шілде айының 15 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, «Жат ағым бірлікке емес, бүлікке жетелейді», — тақырыбында «Шардара аудандық орталық» мешітінің жамағатымен кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров дін — адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік — мәдени сана. Ал жастар болса коғамның негізгі қозғаушы күші. Жастардың дінге деген көзқарасы, түсінігі тәрбиеден бастау алады. Қазірде ислам атын жамылып халықты түрлі сенімге бөлген жат ағымдардың қоғам тұтастығына сызат түсіріп отырғаны алаңдатады. Себебі, жат ағым өкілдері таратқан түрлі ақпараттардан дәстүрлі діни сенім мен ұлттық салт — санамызға мүлдем кереғар көзқарас ұстанушылары көбейе бастады. Осылайша дәстүрлі дін мен ағымның арасын ажырата алмаған жастарымыз жалған ағымның жетегіне еріп кетуде. Ислам діні — ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады. Ал Ислам атын жамылған экстермистік топтар бұқара жұртшылықтың татулығын мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты туғызатын жансақ пікірлі саяси-топтар. Елбасы Н. Назарбаев: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт — дәстүрді, ата — ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтаған абзал», — деген сөзі барша қазақ баласына ой салуы тиіс. Ислам — терроризмге, зорлық — зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір — түпкірінде ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатыр. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға қиянат жасап, құрбан ету күллі адамзатқа бағытталған амал ретінде түсіндірiледі.

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Алдыңғы

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *