АймақӘлеуметҚоғамРуханият

БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында, Төлеби ауданының демалыс аймағында «Жусан» әскери-гуманитарлық операциясы арқылы елге қайтарылған 5 отбасы мүшелерінің қатысуымен 2 күндік тимбилдинг ұйымдастырылды. Тимбилдинг аясында оларды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, теологиялық-психологиялық көмек көрсету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шара қазақ халқының діни-рухани тұтастығын сақтау, өскелең ұрпаққа халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрлерін насихаттау, жасөспірімдердің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тимбилдингтің бағдарламасында террористтік белсенді аймақтардан қайтарылған 5 отбасының балаларына анимациялық кейіпкерлердің қатысуымен түрлі көңілді іс-шаралар өткізіліп, табиғат аясында психологиялық ой сергітер ойындар ұйымдастыру арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу курстары жүргізілді.Білікті дінтанушы, теолог, психолог мамандар тарапынан «Салт-дәстүр тағылымы», «Ханафи мазхабындағы діни үкім шығару мәселесі», «Дін мен дәстүр – тәрбие діңгегі» тақырыптарында қазақ халқының діни-рухани мұрасы кеңінен түсіндірілген теологиялық дәрістер өткізілді. Сонымен қатар «Толағай» отбасылық-спорттық сайысы ұйымдастырылып, жүлделі орындар табысталды.

Тәлімі мен тағлымы мол тимбилдингке қатысушылар облыс басшылығына, осы іс-шараны ұйымдастырушы облыстық дін істері басқармасына алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

«ҚҰРЫҚ» ҚҰРСАУЫНАН ЖОЛ ІЗДЕДІ

Алдыңғы

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *