АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДІНИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АДАСУШЫЛЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ.

2022 жылдың шілде айының 11 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е. Сариев, Шардара қаласында орналасқан «Балапан» бөбекжай балабақшасының директорының міндетін атқарушы Н. Бекетова «Діни және құқықтық сауаттылық адасушылықтан қорғайды», — тақырыбында балабақша қызметкерлерімен кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров бүгінде Қазақстан — әлемге бейбітшіл бастамаларымен танылған абыройлы мемлекет. Еліміз ішкі саясатта да қоғамның мамыражай өмірі мен тұрақтылығына қол жеткізді. Сол тұрақтылықтың арқасында елдің әрбір азаматы өздері алға қойған жоғары білім алу, материалдық игіліктерге қол жеткізу, қоғамның белсенді мүшесі болу, отбасы құру т.б. сияқты өмірлік мақсаттарын іске асыра алады. Діни сауаттылықты көтеру — азаматтардың жат пиғылды идеялардың ықпалына түсуінің алдын алу мен оның таралуына жол бермеудің ең тиімді жолы. Өйткені, жат ағымның жетегінде кеткен адамдар өздерінің істеп жатқан адамзатқа жат қылмыстық әрекеттерін жаратушы алдында сауапты, жақсы іс деп санайды. Мысалы, олар зайырлы елді Исламға қарсы мемлекет деп түсінеді. Сондықтан зайырлылық ұстанымдарына негізделген билікке қарсы шығу, бүлік тудырып өздері аңсаған «мемлекетті» құру — олардың ең басты мақсаты. Яғни, қазіргі біз өмір сүріп жүрген зайырлы еліміз жат ағым өкілдері үшін жойылуы тиіс басты нысан. Ал, ондай ағымның ықпалына түскен азаматтар осы қауіпті пиғылдың қолжаулығына айналады деп сөзін қорытындылады.

Шардара қаласында орналасқан «Балапан» бөбекжай балабақшасының директорының міндетін атқарушы Н. Бекетова келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, діни тұрғыда қажетті ақпарат алғандарын тілге тиек етті.

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ЕЛІМІЗГЕ ҚАУПІ.

Алдыңғы

КІТАП – БІЛІМНІҢ КІЛТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *