АймақӘлеуметҚоғамРуханият

НАШАҚОРЛЫҚ — ІНДЕТ, АЛДЫН — АЛУ МІНДЕТ.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Көксу ауыл округінің мәдениет үйінде ауыл тұрғындары және жастарымен «Нашақорлық — індет, алдын — алу міндет», — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Таласов, Шардара аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері Г. Тойтанова, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері теолог маманы А. Данияров, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің басшысы Б. Қалдарбек қатысты.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Таласов бүгінгі күні нашақорлық — бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз әркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу — әр азаматтың міндеті. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер — жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс — шараларды өткізуді көздеу қажет деді.

Шардара аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері Г. Тойтанова адам сау болуы үшін психологиялық, физикалық, әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы шарт. Ал нашақорда психологиялық проблемалар болады. Яғни оның жаны жаралы. Ол есірткіні проблемасын ұмыту үшін тұтынады. Бұл денсаулықққа зиянын тигізеді. «Есірткіге тәуелді кез келген адам өзінің ауру екенін мойындамайды. Жоққа шығарады. Ондай жастарға мотивация беру өте қиын. Оларды карьера, білім алу, спортпен шұғылдану қызықтырмайды. Олардың өмірге деген құлшынысын ояту оңай емес», — дейді нарколог. Құрметті ата — аналар! Қандай жағдай болмасын, егерде сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргені жайлы сезіктенсеңіз нарколог — дәрігердің кеңесіне жүгінуден еш қорықпаңыз. Дәрігер сізге диагностика жағдайында да, емдеу жағдайында да қандай әрекет жасау керектігіне көмектеседі. Есіңізде болсын, неғұрлым емдеуді ерте бастасаңыздар, балаңызды құтқаруға деген мүмкіншілігіңіз соғұрлым көбірек болады. Сонымен қоса жасөспірім шақ — ол бала үшін өте күрделі күйзеліс, көптеген балалар бастарынан бұл кезеңді ауыр өткізеді. Тіпті жұмысыңыз көп болған жағдайдың өзінде балаңыз үшін кішкене болса да уақыт табуға тырысыңыз. Балаңыз қандай дербес, өз бетінше әрекет жасай алатын болса да оған сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз өте қажет. Онымен бірге уақыт өткізуге тырысыңыз, киноға барыңыз, пикникке шығыңыз, спортпен шұғылдануына ықтияр жасаңыз. Ең алдымен оны тұлға ретінде танып, сыйлай біліңіз, онымен тең дәрежеде қатынас жасаңыз. Сонда ғана балаңыз сізден еш құпиясын жасырмайтын болады және өз — өзіне деген сенімі ұлғая түседі.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері теолог маманы А. Данияров Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі — денсаулық. Адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмайтын баға жетпес байлық та сол тәннің саулығы. Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол — денсаулық және бос уақыт». Сондықтан да әрбір адам денсаулығы үшін Аллаға сансыз шүкір айтып, денсаулығының барында мүмкіншілікті пайдаланып, Аллаға құлшылық, адамдарға қызмет етуге талпынуы қажет. Жастық шақ және он екі мүше саулығы уақытша ғана берілген мүмкіншілік.

Өмірдің басы бала, ортасы адам,

Қартайып шал болған соң кетті шамаң.

Мақтап жүрген өмірің осы болса,

Үш ақ ауыз сөзбенен болды тәмам — деп Шәкәрім атамыз адамның үш кезеңін суреттей келе, жастық шақ адамның кемелденіп, денсаулығының мықты болатын уақыты екенін жырлаған деп сөзін қорытындылады.

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТА ДІННІҢ АЛАР ОРЫНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *