АймақӘлеуметҚоғамРуханият

«КҮЙ – ҚҰДІРЕТ, КҮЙ — КИЕ» АТТЫ КҮЙШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Елдік туын биікке көтерген, қасиетті қара домбыраның үнін ұғынған өрелі жұрттың — өнегелі ұрпағы бүгін тағы да асыл мұра қасиетті домбыраның үнін күмбірлетті

Ағымдағы жылдың 01 шілде күні Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының 90 жылдығы және 1-шілде «Ұлттық домбыра күніне» орай, халқымыздың асыл мұраларының бір тармағы күй өнерін дамыту, халық арасында насихаттау, кеңінен таралуына ықпал ету, сондай-ақ күй өнерін дәріптеу, қазақ күйшілерінің есімдерін ел есінде қалдырып, асқақ шығармашылықтарын дәріптеп, жастарға насихаттау мақсатында аудандық «Күй – құдірет, күй — кие» атты күйшілер фестивалі аталып өтті.

Ауданнан қатысқан 10 үміткер халық, қазақ композиторларының шығармаларын орындап, келген қонақтарды өз шеберліктерімен тәнті етті.

Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі атынан қатысқан Құлыбек Саят Созақ ауданында өтетін «Күй құдіреті» атты облыстық күйшілер байқауына жолдама алса, Жеңіс ауылдық мәдениет үйі атынан қатысқан Иманбеков Нұрмұхаммед «Бал таңдай» облыстық өнер фестивалінің «Күйшілер» байқауында ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

Қатысушыларымызға іс-шара соңында арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *