Ағымдағы жылдың 10 маусым күні Жаңа Иқан ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы «Қоғамдық келісім» КММ филиалы маманы Ж.Өтепбаев Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген қатысты.
Кездесу барысында теолог маман Бердуәлі Өтеген діннің ауызбіршілікпен татулыққа шақырудағы рөлін кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Ж.Өтепбаев этносаралық татулық сақтап қоғамда келісім мен бейбітшілік орнатуға, адамзат бірлігін дамытуға шақырды.
Жиын соңында мамандар ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдап, арнайы жұмыс жүргізілетінін ескерді.
Comments