АймақӘлеуметҚоғамРуханият

АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ!

Бүгін Сауран ауданында, Ескі иқан ауылының тұрғындарымен «Ақпараттық сауаттылық-өзіңді алдауға жол берме!», «Шиеленістердің қоғамға кері әсері», «Жазаның бұлтартпастығы» тақырыптарда аудандық Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу болып өтті.

Кездесуде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Исақов Хамит Рахматуллаұлы этносаралық татулықты нығайту бағытындағы ақпараттар жайында сөз қозғап, (әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық араздықты) қоздыруға бой алдырып оны БАҚ-та пайдаланған азаматтар ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазаланатындығын жеткізіп кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж.Жорабек діни ақпараттарды сүзгісіз қабылдау және оны жариялаудағы кейбір мәселелері жөнінде түсіндіріп өтті. Соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияға түзетулер қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын қамтиды

Алдыңғы

17 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *