АймақӘлеуметҚоғамРуханият

«ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде, мектеп оқушылар арасында асфальтқа сурет салудан байқау болып өтті.

Елорда – Нұр-Сұлтан қаласының 24 жылдығы және 2022 жыл Балалар жылына орай ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов және аталмыш мектептің Сызу және бейнелеу пәнінің мұғалімі С.Турсунов пен мектеп оқушылары қатысты.

Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты : Балалардың ой-өрісін дамыту, Отанға деген суйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласын тек теледидар мен фотосуреттерден ғана көрген қатысушылар барынша суреттерге жан бітіруге тырысты. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында өткен сурет салу байқауына 15-ке тарта бүлдіршіндер қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Оқушылардың сурет салу шеберлігі мен тақырыпқа сәйкестігі басты назарға алынған байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Турсунова Зилола мен Дадаева Зарина иеленсе, ІІ орын Індемес Ақдидарға. Ал, І орынды Султанова Зарифа қанжығасына байлады. Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСҚАН ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ.

Алдыңғы

СЕНАТОРЛАР ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *