Бүгін Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттің дін саясатын ілгерілету мақсатында дөңгелек үстел өтті. Достық үйінде өткен шара өңіраралық тәжірибе алмасуға бағытталған. Аталмыш жиынға Жамбыл және Түркістан облыстарының дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары қатысты.
Деструктивті діни ағымға қарсы насихат жұмыстарында көзделген мақсат бір болғанымен әр өңірдің жұмыс бағыты әртүрлі. Сондықтан өңіраралық тәжірибе алмасу оң нәтижеге серпін беретіні анық.
Кездесуде діни экстермизм идеологиясына қарсы тұрудағы Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жұмыс тәжірибесіндегі негізгі әдіс-тәсілдер ортаға салынды. Сондай-ақ маргиналды топтар мен жастар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту туралы да сөз болды.
Жиын барысында деструктивті діни ағым ұстанушыларын оңалту жұмыстарында оңтайлы тәсілдерді пайдалану, психологиялық әдістерді қолдану, үгіт-насихат шаралары мен әлеуметтік желідегі прафилактиканы күшейту жұмыстары жан-жақты талқыланды.
Comments