ЖаңалықтарМәдениет

Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ  Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әлемге танылған «ТҮРКСОЙ» ұйымымен серіктестік орнатты. Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосып жүрген «ТҮРКСОЙ» ұйымы қазіргі уақытта қарқынды дамуда. 

Халықаралық ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Қазақконцерт басшысы Ақтоты Райымқұлова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, екіжақты байланысты дамытуға дайын екендігін жеткізді.

Мәдениет саласындағы осы айтулы іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаров  қатысты.

Қазақконцерт директоры Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, меморандум аясында отандық өнердің үздік үлгілерін кеңінен насихаттау мүмкіндігі арта түседі. «Түркі халықтары мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ мен еліміздің ірі концерттік ұйымына айналған Қазақконцерт  түркі тектес елдердің өзара ұлттық-мәдени байланыстарын нығайту жолында жаңа бастамаларды ұсынады», -деп жеткізді ұйым басшысы.

Салтанатты кездесу барысында Қазақконцерттің әртістері мен шығармашылық ұжымдары арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Сахнада Рухия Байдүкенова, Дидар Әбдухалық, Біржан Айтахметов сынды белгілі әншілер мен домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

Қосымша сұрақтар бойынша:

тел./факс: +7 7172 -70-53-31;

+7 701 632 36 23

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ

Алдыңғы

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *