АймақӘлеуметҚоғамРуханият

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1 — маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!

30 мамыр күні мереке қарсаңында Түлкібас аудандық орталық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда бейімделуіне және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, қуаныш сыйлау мақсатында «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандықаумақтық орталығы» КММ-і, «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалымен бірлесіп «Балалар болашағымыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас аудандық филиалы, Түлкібас аудандық «түрік», «өзбек», «славян» Этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, Түлкібас аудандық Аналар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты, Түлкібас аудан әкімдігінің қызметкерлері мен аудан жастары қатысты.

Іс-шарада «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандықаумақтық орталығы» КММ-інің оқушылары, қызмтекерлері өз өнерлерін қатысушыларға ұсынды. Жиын барысында аудандық маслихаттың хатшысы осы іс-шараға қатысып отырған барша жастарды мерекелерімен құттықтап, денсаулық тіледі.

Іс-шараның мақсаты – 1 – маусым балаларды қорғау күні ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу, сонымен қатар бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ АЛДЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЫНТЫМАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КЕЗДЕСУ

Алдыңғы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ АЛДЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ, ДОСТЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ХАНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КЕЗДЕСУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *