АймақӘлеуметҚоғамРуханият

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ІІ-ТОҚСАНДЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгінгі Кентау қалалық кәсіпкерлер мектебінің мәжіліс залында өткен отырысты Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Аяпбергенова Роза Мұратқызы ашып жүргізіп отырды.

Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің 2022 жылғы І-тоқсандық отырысында ұсынылған мәселелерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы аналар шақыртылып, тақырыпқа қатысты қойылған сұрақтарға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы М.Байболова қолданыстағы заңдар аясында жауап берді.

Жиынға қатысушы Кеңес мүшелері ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау мақсатында 2022 жылға арналған «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру бойынша орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың жоспарын талқылады. Жиын соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасып тарқасты.

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

Ұлттық музейде «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрме ашылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *